Қызметкерлері сыпайы, филиал диреторының өзі проблемаңызды шешуге өз үлесін қосып барын салады. Бір ыңғайсызы есеп шотын ашу кезінде банк қызметкерлері клиент туралы ақпараттың барлығын компьютерге қолымен толтырып енгізуі керек екен, ал ол дегеніміз клиенттің алтын уақытын алады. Заманауй ақпараттық системаларды қолданып мемлекеттік базалармен интеграция жасаса клиенттің ЖСН теріп-ақ барлық жұмысты жылдамдатуына болар еді.