63 мектеп гимназиясына алғысымыз шексіз! Білім нұрымен сусындандырған 63 мектеп тек қана мейірімді мұғалімдерге толы! Мені білім нәрімен сусындатқан апайымды арнайы тілге тиек еткім келеді. Бигожина Бакина Олжабайқызы. Апайымыз 2010 жылдан 2015 жылға дейін бізге екінші анамыз болып, білім ордасында қамқоршымыз болып, оқу білімге баулыды. Бакина Олжабайқызы туралы көп айтуға болады. Саналы ғұмырын мектепке арнаған, шәкірттерінің жүрегінен жол таба білген ұстаздың орны ерекше. Екі бала тәрбиелеп өсірген ардақты ананың ұлдарының да,келіндерінің де мұғалім болғаны, бұл әулеттің «ұстаз» деген атқа беріктігін айқындайды.
Қазіргі таңда әр бір түлек өз мектебін мақтан етері сөзсіз! Себебі бүгін таңдағы жетістігімізге себепкердің бірі осы мектебіміз! Алғысымыз шексіз мұғалім! Алғысымыз шексіз мектебім!
Құрметпен: Меделбек Есхат