Бүгін ұлым екеуміз Москва сауда орталығында орналасқан KFS келіп, заказ берместен бұрын отыруға ыңғайлы жер қарастырдық. Содан кейін ғана терминалдан заказ беріп, орналасқан жеріміздегі столдың үстін тазалап беруін бірнеше рет өтіндім. Тамақ дайын болғанша 20 минуттай уақыт өтсе де, стол үстін жиыстыр деген өтінішіме құлақасар жан шықпады. Заказ келді, қайта бардым. Біз енді даяр тамағымызды ішейік, бұл не бассыздық деп дауыс көтеруге тура келді. Аяғы неше рет шақырғанда әрең шыққан қабағы қарулы жігіт, менменсіген қалыппен әдеттегідей әркімнің үстелінбір сүртетін тряпкасымен әрең майлы жерді бір сүйкеп өтті. Халықтың арқасында кәсібінің домалап отырса да, халыққа дұрыс қызмет етуді білмейтініне ішім ашыды.