Өз көлігіңізбен келер болсаңыздар кептеліске тап боларыңызға сенімді болыңыздар. Елдің бәрі мақтағанымен аса артық ештеңесі жоқ. Алматыдағы барахолка мен Пішпектеші Дордой сияқты. Көп бөлігі ғимаратта орналасқан. Тігін материалдары мен түрлі киім кешекке толы
Gorod Hobby
Eylül 2021
5
тоқу, тігу, сурет салу сияқтыға арналған бөлімшелер көп. мата алам десеңіз бұнда тым қымбат әрі түрлері аздау. бірақ сапалы. нешетүрлі дүние жинаушыларға кітап, тиын, марка т.с.с. сататын бөлімшелер бар. антиквариат сататындарды да кезіктіруге болады.
Moscow House of Nationalities
Eylül 2021
5
Қызықты іс-шараларды көп ұйымдастырады. Төлқұжатпен ғана кіргізетінін ескеріңіздер. Қазақи иісті аңсап жүрсеңіздер сайтындағы жаңалықтарды аңдып отырып түрлі концерттерге баруға болады. Ғимарат ішінде түрлі көрмелер де өткізіліп отырады. Әдетте түрлі ұлттардың қолөнерлерін көруге болады.
Va-Va
Eylül 2021
2
Тамақты өте ұзақ дайындайды. Даяшылары былжыр. Басқалардан артықшылығы тек тамақты өзімен бірге алып шығу мүмкіндігінде. Залдары әрине керемет, бірақ біз барғанда Администратор залда отырған бір үстел қонақтарының темекі тартуына көз жұмды, сондықтан тамақты сыртта орналасқан терассада жеуге тура келді.
Сапарда жеңіл желпі тамақтанып кетуге жарамайтын жер. Бағалары салыстырмалы түрде орташадан жоғары
Entuziast
Eylül 2021
5
Құрылыс материалдарының түр-түрін сатып алуға болады. Сатушылармен саудаласуға болады. Әдетте кем дегенде 5% жеңілдікке дейін жеңіл келістіруге болады. Тұтынушыларға арналған дәретханалары қарастырылған, әрі тазаланып отырады екен.
The Cathedral of the Resurrection of Christ
Eylül 2021
5
Мәскеуден қиыр орналасқандықтан тек автокөлікпен ғана қатынау мүмкін. Шіркеуінде болмадым, бірақ айнала орналасқан мұражайын міндетті түрде көруге ұсыныс берем. Мұражай кешені бір күніңізді толық алатынын ескеріңіздер. Мұражай ішінде "Естелік жолы" (Дорога памяти) атты жоба бойынша екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандардың жеке істері, қаһармандық жолдары, фотосуреттері мен марапаттарын мультимедиалық интерактивті жүйеден көруге болады. Кешенде жауынгерлер аналарына арналған ескерткіш те бар. Кешеннің кіреберісінде қоғамдық дәретхана мен тамақ пен сусындарды сататын дүңгіршектер бар.
Perekrestok
Eylül 2021
5
24 сағат жұмыс істейді. Жеміс-көкөністері сапалы
Isilkul border checkpoint
Eylül 2021
5
Өте шапшаң қызмет көрсетілді
Халал
Şubat 2020
5
Мүсәпір мұсылманға жарайды. Мен болғанда дастархандары шамалы ескілеу еді. Өзбек пен ұйғыр астары сатылады. Жұмысшылары қонақжай