Т.Рысқұлов 8 мекенжайындағы перинаталдық орталықтың жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері Райымбекова Алтын Амангельдиевнаға шексіз алғысымды білдіріп, дәл осы маманды болашақ аналарға ұсынамын. Алтын Амангельдиевна өз ісінің нағыз қас шебері. Дәрігердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігіне өз басым куә болдым. Алтын Амангельдиевна өз пациенттерін үлкен жауапкершілікпен, адамгершілікпен қадағалап, ем шара қолданып, тіпті пациент перзентханадан шыққаннан соң да оның денсаулығынан хабардар болып, қажетінше қосымша ұсыныстарымен бөлісіп отырады.
Білікті, сенімді акушер-гинеколог іздеген болашақ аналар үшін қажет ақпарат боларына сенімдімін.