Күннен күнге қаланың әрі сәнін келтіріп тұрған, әрі жақсы демалуға болатын жер. Тал-дарақтары бой алып, қыста ық, жазда көлеңке мен таза ауа беріп, бала-шағамен керемет уақыт өткізетін баққа айналды.
Сонымен қатар, денсаулығыңызды реттеу, жақсарту мақсатында көптеген алаңшалар қызмет көрсетеді.
Barys 2
Ocak 2025 •
2
Палауы керемет!!! Басқа тағамдары да дәмді, кәуап, самса т.б.
Бірақ, қызмет көрсетуі өте төмен. Түнде үйіне басакөктеп келіп, оятып алып, тамақ сұрап отырғандайсың.
Malina
Kasım 2024 •
5
Өте жақсы дүкен, жұмыс уақыты да ыңғайлы.
Tevelsizdik Sarayı
Kasım 2024 •
5
Қайта жөндеуден өтіп, керемет сарай ретінде қызмет атқарып тұр. Үкіметтің ресми іс-шаралары осы сарайда өткізілуде. Айналасы да өте сәнді саябақпен үйлеседі.
Жилой комплекс Центральный сквер
Kasım 2024 •
5
Өте керемет ТҮК. Қызмет көрсету компаниясы барлығын дер кезінде орындайды. Фильтрдегі су автотұрақта орналасуы да өте ыңғайлы. Үйдің екі блогында да дүкендер бар.
The Bus Music Pub
Kasım 2024 •
5
Өте көңілді жер. Тағамдары да дәмді. Бір әттегенайы қазақша өлеңдер жоқтың қасы. Клуб басшылығының құлағына алтын сырға. Жалпы жақсы деуге болады.
Елорда Даму по Байтурсынова
Kasım 2024 •
4
Үйдің ішін білмеймін, сырты шаршаңқыраған. Мәрмәрі шытынап түсуде. Бизнес жайларға көтерілетін сатылар қолайсыз. Бетоны ойық-ойық, мүжілген. Ғимараттың түнде жарықтандырылуы жоқ.
Qaz Stroy Mart
Kasım 2024 •
5
Құрылысқа қажетті құралдардың барлығы бар. Тіпті жалға электр құралдары да қарастырылған. Сонымен қатар, есік, ламинат сияқты заттарды да алуға болатын дүкен.
Tamdy
Kasım 2024 •
5
Өте жақсы дүкен, барлығы бар деуге болады. Азық-түлік, жеміс-жидек, үйге қажетті майда-шүйде мен тұрмыстық химия. Сатушылары өте биязы. Кәсібіне сәттілік!!!
Doner na Abaya
Kasım 2024 •
5
Донеріне сөзім жоқ, бірақ кезекті өзге тілде айтуы намысыма тиді. Ішінде қаракөз қандастардан басқа өзге этнос өкілдері жоқ. Дегенмен айтқан ескертуіме құлақ асып, мемлекеттік тілде айта бастағанына көп рахмет!!!