Электр тогының адам ағзасына әсері ол арқылы өтетін токтың күшіне байланысты.
Адам ағзасы арқылы өтетін, күші 0,05 А ток оның өмірі үшін қауіпті. Ток жүретін бөлшектерге жанасу дененің жанасқан жерінде күйік, тыныс алу органдары мен жүректің салдануын туындатуы мүмкін.
Зақымдану дәрежесі адам денесінің электрлік кедергісіне байланысты, ол қалыпты жағдайда бірнеше ондаған мың Ом-га тең болады. Терінің ылғалдығына, дене температурасына, ток жүретін бөлшектермен жанасу беттерінің шамасына қарай адам денесінің электрлік кедергісі 500 Ом-нан бастап 0,5 МОм-ға дейін өзгереді.
Сондықтан тіпті 40 В кернеу адам өмірі үшін қауіпті болып есептеледі. Егер электр тогының адамға әсер ету уақыты 0,1 секундтан аз болса, онда ағза бірнеше ампер токқа шыдауы мүмкін. Ал токтың неғүрлым ұзақ әсер етуі өлімге өкеледі.